Аудан әкімі Нұрлан Зарапұлы Тельтаевтың төрағалығымен өткен аппараттық жиналыста білім бөлімінің басшысы Ерік Рамазанұлы Шапиев білім беру ұйымдарын 2026–2027 жылдардағы жылу беру маусымына дайындау барысы туралы баяндады.
📌 2026 жылғы 9 қыркүйектегі жағдай бойынша аудандағы 28 білім беру ұйымы, оның ішінде 24 жалпы білім беретін мектеп пен 4 мектепке дейінгі ұйым жылу беру маусымына дайын.
Көмірмен қамтамасыз ету жұмыстары толық орындалды:
🔹 мектептерге қажетті 6 727,2 тонна көмір толық жеткізіліп, білім беру ұйымдарына тасымалданды;
🔹 мектепке дейінгі ұйымдарға 450 тонна көмір сатып алынды.
Қазандықтардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында:
🔹 6 түтін сорғыш;
🔹 7 ауа үрлегіш;
🔹 5 электр станциясы;
🔹 2 жылыту қазандығы сатып алынып, орнатылды.
🔧 Жөндеу жұмыстары да кезең-кезеңімен жүргізілді.
«Еркетай» балабақшасының қазандығын ағымдағы жөндеуге 1 млн 650 мың теңге бөлініп, ғимараттың шатыры мен қабырғаларына ішкі және сыртқы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Горьковский орта мектебінің автобус тұрағына арналған гаражға мектеп қазандығынан жылу жүйесі тартылды. Бұл жұмыстарға 820 мың теңге жұмсалды. Нәтижесінде қыс мезгілінде мектеп автобусының қалыпты іске қосылуына қолайлы жағдай жасалды.
✅ Қарашілік және Үлгілі орта мектептерінің жылу жүйелерін жөндеу жұмыстары толық аяқталды.
Жалпы, ауданның білім беру ұйымдарын жылу беру маусымына дайындау жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Көмір жеткізу мен тасымалдау, қажетті жабдықтарды сатып алу және жылу жүйелерін жөндеу бойынша негізгі жұмыстар толық орындалды.

