2026 жылғы 15 мамыр күні Талшық орта мектебінде «Ауыл мектебі – сапа алаңы»: білім сапасын арттырудың тиімді механизмдері» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды. 
Семинардың мақсаты – қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім сапасындағы алшақтықты қысқартып, ауыл оқушыларының сапалы білім алуына жағдай жасау.
Семинар барысында:
✅ тірек және магниттік мектептердің тәжірибелері ұсынылды;
✅ Microsoft Teams платформасында онлайн-ашық сабақтар мен шеберлік сабақтары өткізілді;
✅ жасанды интеллект, STEM, робототехника, цифрлық технологиялар бағытындағы заманауи тәжірибелер көрсетілді;
✅ инклюзивті білім беру, функционалдық сауаттылық, пәндік оқыту әдістемелері бойынша тәжірибе алмасу алаңы ұйымдастырылды.
Педагогтер математика, физика, биология, ағылшын тілі, тарих, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша инновациялық тәсілдерді ұсынып, өзара тәжірибе алмасты.
Семинар ауыл мектептеріндегі білім сапасын арттыруға бағытталған тиімді педагогикалық тәжірибелерді таратуға мүмкіндік берді.

