Бүгін аудандық мәдениет үйінде 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты балалық-шақ» атты шығармашылық фестивалі өтті. ✅іс-шара Ақжар ауданының әкімі Елубаев Рүстем Мұқашұлының құттықтау сөзінен басталды. ✅жалпы іс-шараға білім беру ұйымдарының 213 оқушы қатысып дайындаған өнерлерін көрсетті. ✅фестиваль бағдарламасында:асфальттағы суреттер байқауы, спорттық ойындар:асық ату,шашка ойыны қыздар мен ұлдар арасында; мектеп жасына дейінгі балаларға арналған, скакалкамен секіру ойындары өткізілді. ✅барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар мен мадақтамалар табысталды. ✅Сіздерді бүгінгі Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 1-маусым балаларды қорғау күні-жыл сайын өткізіліп,кішкентай бүлдіршіндерімізге ерекше қуаныш сыйлайтын тамаша мереке. #бақытты_балалық_шақ. #балалар_қорғау_күні. #адал_азамат

