Бүгін Ақжар ауданында республикалық сенбілік жоғары деңгейде ұйымдастырылып, барлық білім беру ұйымдарының ұжымдары, оқушылар, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, балабақша тәрбиеленушілері, қосымша білім беру ұйымдары, еріктілер мен ауыл тұрғындары ортақ іске жұмылды.
✨ Көшелер мен аулалар тазартылып, аумақтарды абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, ағаш көшеттері отырғызылды. Бұл — туған жерге жанашырлықтың, табиғатқа қамқорлықтың нақты көрінісі.
Республикалық сенбілік — тек тазалық шарасы ғана емес, бірлік пен жауапкершіліктің, еңбекқорлық пен елге деген сүйіспеншіліктің айқын үлгісі. Осындай игі бастамалар арқылы экологиялық мәдениет қалыптасып, ортақ құндылықтарға құрмет нығая түседі.
🌱 Таза орта — ортақ міндет.
🌱 Табиғатты қорғау — әр азаматтың парызы.
🌱 Бірлік бар жерде — береке бар.
#ТазаҚазақстан #РеспубликалықСенбілік #ЭкоЧеллендж #АғашОтырғызу #АдалАзамат

