«Шаңырақ» этнолагерінің салтанатты ашылуы өтті — Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ақжар ауданының білім бөлімі» КММ

«Шаңырақ» этнолагерінің салтанатты ашылуы өтті

Жазғы демалыс

2026 жылдың 1 маусым күні Қали Хадесұлы атындағы Жаңаауыл орта мектебінде мектеп жанындағы «Шаңырақ» этнолагерінің салтанатты ашылуы өтті.

Лагерьдің ашылу рәсіміне ауыл ақсақалы Жетписбаев Талғат Мұхамеджанұлы қатысып, жас ұрпаққа ақ батасын беріп, ұлттық құндылықтарды сақтау мен дәріптеудің маңыздылығы туралы тағылымды әңгіме өрбітті.

Іс-шара барысында оқушыларға балмұздақ таратылып, көтеріңкі көңіл-күй сыйланды. Сонымен қатар ұлттық дәстүрлерді насихаттауға бағытталған түрлі шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. Атап айтқанда, бүйрек пісіру, шелпек пісіру, самаурын қайнату, бауырсақ пісіру, садақ ату сияқты ұлттық өнер мен тұрмысқа негізделген қызықты мастер-класстар өткізілді.

Этнолагерьдің басты мақсаты – оқушыларды халқымыздың бай мәдени мұрасымен таныстырып, ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу, сондай-ақ жазғы демалысты тиімді әрі мазмұнды ұйымдастыру.

«Шаңырақ» этнолагерінің жұмысына сәттілік тілеп, қатысушыларға жарқын әсер мен жаңа білімге толы күндер тілейміз! 🇰🇿✨
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#Этно_лагерь
#Жаңаауыл_орта_мектебі

Достармен бөлісу
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ақжар ауданының білім бөлімі» КММ