✨ «Мен жастарға сенемін» — дарынды жастармен тағылымды кездесу ✨ — Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ақжар ауданының білім бөлімі» КММ

✨ «Мен жастарға сенемін» — дарынды жастармен тағылымды кездесу ✨

Жаналықтар

2026 жылғы 28 мамыр күні Ақжар ауданының әкімі Рүстем Мұқашұлы Елубаевтың қатысуымен «Мен жастарға сенемін» атты дарынды оқушылармен кездесу өтті.

📚 Іс-шара барысында ауданымыздың білім, ғылым, өнер және спорт салаларында биік жетістіктерге жетіп жүрген талантты оқушылары өз жетістіктерімен бөлісті. Оқушылар аудан әкімімен еркін форматта сұхбаттасып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды.

🏆 Кездесуге облыстық және республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздары, «Зерде», «Ақберен», «Алтын түлек» байқауларының жүлдегерлері, ұлттық мектеп лигасының спортшылары және «Серпер» өнер мектебінің талантты шәкірттері қатысты.

🎤 Кездесу барысында оқушылар шығармашылық өнерлерін көрсетіп, өлең оқып, күй орындады. Сонымен қатар дарынды жастар аудан әкіміне естелік альбом табыстады.

👏 Іс-шара соңында аудан әкімі дарынды оқушыларға ақшалай сертификаттар табыстап, ата-аналарына Алғыс хаттар жолдады.

🌟 Бұл кездесу — ауданымыздағы талантты жастарға көрсетілген үлкен қолдау мен сенімнің айқын көрінісі болды. Білім мен өнерді серік еткен жас буын — еліміздің жарқын болашағы!

 

Достармен бөлісу
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ақжар ауданының білім бөлімі» КММ