2026 жылдың 2 маусым күні “Бестерек орта мектебі” КММ-де мектеп жанындағы «Тұмар» этнолагерінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Ашылу салтанатына білім бөлімінің басшысы Шапиев Ерік Рамазанұлы мен аудандық әдіскер Елюбаева Айнур Муратбековна қатысып, лагерь тәрбиеленушілеріне ізгі тілектерін білдірді. Қонақтар ұлттық құндылықтарды ұлықтау, өскелең ұрпақтың туған жер тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру жайында өз ойларымен бөлісті.
Іс-шара барысында оқушылар мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар балалар қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі мен қолөнеріне негізделген танымдық алаңдарға қатысып, ұлттық тағамдар әзірлеу және дәстүрлі ойын түрлерімен танысты. бауырсақ дайындау, самаурын қайнату, қазақтың ұлттық ойындарынан тоғызқұмалақ, бес асық, садақ ату секілді шеберлік сағаттары оқушылардың қызығушылығын арттырды.
«Тұмар» этнолагерінің негізгі бағыты – балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, тарихи-мәдени танымын кеңейту, ұлттық болмысты дәріптеу арқылы елжандылық қасиеттерін қалыптастыру және бос уақытын пайдалы әрі қызықты өткізуге жағдай жасау.

«Тұмар» этнолагерінің жұмысы табысты болып, әр күні жаңа әсерге, қызықты кездесулерге және жарқын естеліктерге толы болсын!
