🌿 25 сәуір — Республикалық сенбілік күні — Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ақжар ауданының білім бөлімі» КММ

🌿 25 сәуір — Республикалық сенбілік күні

"Таза Қазақстан"

Бүгін Ақжар ауданында республикалық сенбілік жоғары деңгейде ұйымдастырылып, барлық білім беру ұйымдарының ұжымдары, оқушылар, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, балабақша тәрбиеленушілері, қосымша білім беру ұйымдары, еріктілер мен ауыл тұрғындары ортақ іске жұмылды.

✨ Көшелер мен аулалар тазартылып, аумақтарды абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, ағаш көшеттері отырғызылды. Бұл — туған жерге жанашырлықтың, табиғатқа қамқорлықтың нақты көрінісі.

Республикалық сенбілік — тек тазалық шарасы ғана емес, бірлік пен жауапкершіліктің, еңбекқорлық пен елге деген сүйіспеншіліктің айқын үлгісі. Осындай игі бастамалар арқылы экологиялық мәдениет қалыптасып, ортақ құндылықтарға құрмет нығая түседі.

🌱 Таза орта — ортақ міндет.
🌱 Табиғатты қорғау — әр азаматтың парызы.
🌱 Бірлік бар жерде — береке бар.

#ТазаҚазақстан #РеспубликалықСенбілік #ЭкоЧеллендж #АғашОтырғызу #АдалАзамат

Достармен бөлісу
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ақжар ауданының білім бөлімі» КММ